-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

МӘМС: ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КЕДЕРГІСІЗ АЛУЫ КЕРЕК

Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Қоры КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің бас дәрігерлері және қызметкерлерімен кездесуде баса айтты.

Халыққа МӘМС шеңберінде көмек көрсету емханалардан басталады. Науқастардан түсетін шағымдардың басым үлесі де медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы мекемелерге тиесілі.

Медициналық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, пациенттерге қызмет көрсету барысында орын алатын өзекті мәселелерді шешу мақсатында Қор филиалының директоры Сәбит Райымбекұлы бастаған медициналық сақтандыру жүйесінің өкілдері қаладағы емханаларды аралап,қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

-Халық медициналық қызметті әуре сарсаңға түспей, кедергісіз алуы керек. Пациенттермен МӘМС жүйесі бұл тұрғыда әр науқасқа қамқорлықпен қарап, медициналық көмекті сапалы әрі қолжетімді етуді көздейді. Сіздерге қоятын талап, өтінішімізде сол – азаматтарға сапалы қызмет көрсетіп, жылы сөздеріңізбен демеу болуларыңыз. Өз тарапымыздан серіктестігімізді арттырып, өтініш-тілектеріңізді қарастыруға әрдайым дайынбыз, -деді ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Кездесу барысында емхана қызметкерлері науқастарды ПЭТ, КТ диагностикасына жолдауға және бейінді мамандардың қызметіне қатысты бірқатар сұрақтарын қойды. Айтылған мәселелер назарға алынып, оңтайлы шешу жолдары қарастырылатын болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 58 емхана қызмет көрсетеді. Оның 13-й мемлекеттік медициналық ұйым.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ЖАС КӘСІПКЕР 10 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА

smarttop

ШЫМКЕНТ: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІРІНШІ ОРЫНДА!

smarttop

Пікір қалдыру