13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ БЕЛГІЛІ РЕЖИССЕР СЕРГЕЙ ДВОРЦЕВОЙМЕН ДИДАРЛАСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков белгілі қазақстандық-ресейлік кинорежиссер, Шымкент қаласының тумасы Сергей Дворцевоймен кездесті. Сергей Дворцевой “Ника” сыйлығының және Канн кинофестивалінің лауреаты. Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді кейіптеген өнер иесі «Үздік әйел рөлі» аталымында топ жарды. Бұл режиссер мен актрисаның алғашқы жұмысы емес. Осыдан тура 10 жыл бұрын жарыққа шыққан «Тюльпан» фильміндегі таланттар тандемі сол кездің өзінде-ақ Канн фестивалі сарапшыларын таңғалдырып, аталған кинокартина 2008 жылы  «Айрықша көзқарас» аталымындағы жүлдеге лайық деп танылған болатын. Енді міне, араға 10 жыл салып өмірге келген «Айка» психологиялық драмасы да әйгілі кинофестиваль сарапшыларын бейжай қалдырмады. Таланттар тандемі тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Бір қызығы, күні кеше Еуропа масштабында мойындалған үзік актриса Самал Еслямованың шығармашылық биографиясына жазылған қос фильмнің екеуі де режиссер Сергей Дворцевойдың жұмысы екен. Небәрі 19 жастағы қаршадай қазақ қызының талантына, мүмкіндігіне сенім артып, шығармашылық бағын ашқан режиссердің пікірін білгіміз келіп, әңгімеге тартқан едік. Сөзі ғана емес, ісіне де мығым суреткер бүкпесіз ойын ортаға салды.
2008 жылы белгілі режиссердің қазақ даласындағы шопандардың өмірі туралы
“Тюльпан” фильмі Канн кинофестивалінің “Ерекше көзқарас” конкурстық бағдарламасында бас жүлдеге ие болған болатын.
Сонымен қатар, 2018 жылы оның “Айка” фильмі Канн кинофестивалінің “Алтын пальма бұтағы” номинациясына ұсынылды, “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясы бойынша “Оскар”сыйлығына үміткерлердің тізіміне енді.
Кездесу барысында қала әкімі мен белгілі режиссер мәдениетті дамытудың тетіктерін талқылап, отандық киноны дамыту мәселелерін әңгімелесті.
Жылы кездесуден кейін қала басшысы кинорежиссерге кинематография саласының қалыптасуына қосқан үлесі, оны әлемдік деңгейде танымал еткені үшін алғысын білдіріп, шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруда табыс тіледі.

Ұқсас ақпараттар

240 МЫҢ ТОННА ӨНІМ САҚТАЙТЫН КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Полицейлер тұрғынның қалтасынан түскен ақшаны ұрлаған күдіктіні ұстады

smarttop

ИНВЕСТ ШТАБТА 10 ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру