27.3 C
Шымкент
Воскресенье, 16 августа, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ХУДЖАНТТА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

🔷 17-19 маусым аралығында Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» Х Халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікістандағы елшісі У.Әмірханұлы қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы, Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

🔷 Сонымен қатар «Сауда-инвестициялық мүмкіндіктер және ынтымақтастықтың әлеуеті» бизнес-форумына қатысқан делегация қаламыздың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективаларын Өзбекстан Республикасының Тәшкен, Наманған, Ферғана, Самарқан, Бұқара, Сырдария облыстарының әкімдеріне, Әзірбайжан Респбуликасының Гянджа қаласының мэріне, Ресей Федерациясының Нижегород, Мәскеу, Свердловск, Пенза, Липец, Челябинск, Воронеж облыстарының губернаторларына және Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының басшысы мен халықаралық қаржы ұйымдарына таныстырды.

🔷 Қаламыздың атынан сауда-жәрмеңкеге кілем бұйымдарын шығаратын «Бал Текстиль» тоқыма кәсіпорны, аяқ киім шығарумен айналысатын «Lux Shoes» фабрикасы, «GraMaD retail», «Маркет» сауда желілері және «Колесников» көкөніс өндірісі өнімдері ұсынылды.

🔷 Жәрмеңке қорытындысы бойынша бизнес-делегация өзге елдерден келген әріптестерімен 5 коммерциялық құжатқа және жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойды.

🔷 Бұл іс-шаралар мегаполистің ынтымақтастықты арттырып, шет мемлекеттермен экономикалық байланыстарды дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Бұл іс шара халықаралық байланыстарды нығайтуда Шымкент пен Худжанд арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды қадам болып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРДЫ 2024-2025 ЖЫЛДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

smarttop

Екатеринбургта өтіп жатқан «ИННОПРОМ» XIII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне Шымкенттен 7 кәсіпорын қатысуда

smarttop

ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР МЕН ТЕРМЕШІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

smarttop

Пікір қалдыру