0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЕСІРТКІСІЗ ҚОҒАМ ҚҰРУ ҚОЛЫМЫЗДА

Есірткі – қоғам дерті. Нашақорлық пен есірткінің зияны орасан. Бұл тұтас ұлттың тамырына балта шабатын, халықты қарусыз жоятын кеселдің бірі. Соған орай, есірткімен күрес бүгінде кез келген елді алаңдататын, ең өзекті, әлеуметтік мәселенің біріне айналды.
26- маусым халықаралық есірткіге қарсы күрес күні. Осыған орай қаламыздағы Арбат демалыс аймағында ауқымды іс-шара өтті. Қаланың жоғары оқу орындарының ерікті жастарынан жасақталған командалар “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” атты ұранмен спорттық ойындар ұйымдастырды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу, есірткісіз қоғам құру мақсатында өткен жолдастық жарыс қызықты да, тартысты өтті. Жалынды жастардың спорт алаңында белсенділік танытуы көңіл қуантады. Ендеше оларға ешқандай есірткінің қаупі жоқ. Олар “Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік” деген ұранды ұстанған.

Есірткі -қазіргі қоғамның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі.Есірткіге әсіресе,жастардың құмарлығы басым екендігі жасырын емес.Олар денсаулығымызға зиян келмейді деп ойлайды.Алайда олай емес екені белгілі,бұл өте қауіпті түсінік. Есірткіден бас тарту өте қиыннынң қиыны.

      Есірткі - қазіргі қоғамның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі.Есірткіге әсіресе,жастардың құмарлығы басым екендігі жасырын емес.Олар денсаулығымызға зиян келмейді деп ойлайды.Алайда олай емес екені белгілі,бұл өте қауіпті түсінік. Есірткіден бас тарту өте қиыннынң қиыны.
   Халық жастарға сенеді. Ал сол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Дегенмен бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі ел ертеңі болар жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Бүгінгі болашақ жастарымыз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Бір сәт ойланып көрейікші қазіргі жастарды не қызықтырады?

Шара эстрада жұлдыздарының коцертіне ұласты. Олар сахнада сөз сөйлеп, жастарды есірткі қылмысына қарсы күресте бірігуге шақырды.

“Шымкент келбеті”

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

smarttop

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

smarttop

АБДУЛАБАД ЖӘНЕ БАЗАРҚАҚПА ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚОЛДАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру