0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің басшылығымен кеңес өтті. Кеңеске өндірушілер, сатушылар, қадағалау органдарының өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Кеңес барысында Шымкентте сұйытылған газ тапшылығын болдырмау шаралары талқыланды. Мәселен, қалада арнайы мониторингтік топ құрылды, оның құрамына “ Мемлекеттік кірістер департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, антикор, монополияға қарсы ведомство және энергетика басқармасының қызметкерлері кірді. Топтың міндетіне отын көлемін жасанды тежеуге жол бермеу жөніндегі рейдтер де кіреді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында газ мәселесіне жеке тоқталды. Өйткені эксперттер бұл салада әлеуметтік шиеленіс пен экономикалық дағдарыс әлеуеті ашыған қамырдай күмпиіп келе жатыр деседі. Үкіметте найқалып-жайқалып жүруге уақыт қалмай барады. Алғашқы ірі қиындықтар келесі жылы басталуы мүмкін екенін ел Президентінің өзі ескертті.
«Сұйытылған газды халыққа жіберетін қаланың барлық жанар май құю бекеттерін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе CNPC- ден қосымша 2051 тонна газ сатып алынды», — деп атап өтті Шымкент қалалық энергетика басқармасының басшысы Рызабек Меңдіқұлов.
Бұдан басқа, бүгін қалаға сұйытылған газы бар 7 вагон келеді. Ертең тағы 12 вагон келеді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі жыл сайын еліміз сұйытылған газ тапшылығына тап болатынын және бұл тұтынудың артуына байланысты екенін хабарлаған болатын.
Аталған тәуекелдерді болдырмау үшін 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда. Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге).
“1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда. Мәселен, сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ БАЯНДАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «I-KOLIK» ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ КЕҢЕЙГЕН

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: «НЫСАНДАРДЫ ӨНДІРІСТІК КЕСТЕГЕ САЙ ТАПСЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ»

smarttop

Пікір қалдыру