Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев бірінші мәселе бойынша баяндама жасады.
Қала бюджетін нақтылау барысында бюджет көлемін 30 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылды. Бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін шешетін шығындарға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, мегаполис бюджетінің көлемі қазіргі 735 млрд теңгеден 764 млрд теңгеге дейін артатын болады. Негізгі мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Кайсар Манкараев сөз сөйледі. Ол меншікті кірістердің нақты жиналуын талдауды ескере отырып, салық түсімдері, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша кірістерді ұлғайту жоспарланғанын айтты. Шығыстар туралы айта келе, спикер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында депутаттардың 2024 жылға арналған бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстары айтылғанын атап өтті. Барлық ұсыныстар бюджет жобасына, оның ішінде білім беру, спорт, жол инфрақұрылымын дамыту, қала аумағын абаттандыру саласындағы қосымша қаржыландыру бойынша енгізілді.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы О.Әбілхайыр қала аумағын абаттандыру бойынша экологиялық қолайлы және тартымды орта құру бағытындағы жұмыстардың қағидасын бекітуді ұсынды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, маңызды шешімдер қабылданды.
Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихат депутаттарын өзекті мәселелерді шешуде азаматтармен кездесіп, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі