0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БҮГІН — МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІ

Шілденің үшінші жексенбісі Қазақстанда металлург күні ретінде белгіленген.
Қазақстанда Металлург күні 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлыққа сәйкес атап өтіледі. Бұл мереке бейнеті ең ауыр салада тер төгіп жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, олардың дәріптеуді көздейді.

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Кәсіби мереке — Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Металлургия — заңды түрде қазақстандық экономиканың түйінді салаларының бірі, өнеркәсіптік әлеует пен біздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың негізі болып табылады.

Сіздер өндірісті ауқымды жаңғыртудың, шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтерудің, халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіне белсенді интеграцияланудың көкейкесті міндеттерін табысты шешіп келесіздер. Алдағы уақытта да сіздердің «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатын және әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елі қатарына біздің мемлекетіміздің енуі жолындағы ауқымды міндеттерді табандылықпен шешу үшін өздеріңіздің барлық күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді, кәсіби шеберліктеріңізді барынша жұмсайтындықтарыңызға сенемін. Қымбатты металлургтер! Сіздерді қай уақытта да таңдаған істеріңізге адалдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік және бір-біріңізге өзара көмектесу сезімі ерекшелендіреді. Металлургия цехтарында жұмыс істеу — ерекше шынығу мектебі, ол жастардың бойында еңбекке және ардагерлер негізін қалаған дәстүрлерге құрмет сезімін қалыптастырады.

Металлургия — ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ, металл қорытпаларға, олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Металлургия- түсті және қара , галламды, өте жоғары температурада өтетін плазмалы және лазермен өңделетін металлургия болып ажыратылады: орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАС ПАТРИОТ – 2022» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

smarttop

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 25 МАМЫРДАҒЫ № 333-VІ ЗАҢЫН (БҰДАН ӘРІ — ЗАҢ) ТҮСІНДІРУ

smarttop

Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет — жұмыссыздық деңгейін төмендету

smarttop

Пікір қалдыру