0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МАМАНДАР ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжановтың бастамасымен мәслихат депутаты Бөкейхан Әбішев, Газ техникалык қызметінің мамандары, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, аудандық төтенше жағдайлар және полиция басқармалары, «QazaqGaz Aimaq» АҚ ШӨФ және үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші (ВДГО) мекемелерінің өкілдерімен бірге Шығыс шағын ауданындағы көпқабатты үй тұрғындарына улану жағдайларының алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шарт жасау міндеттілігі түсіндірілді.
Авариялық жағдай кезіндегі бірінші қауіпсіздік шаралары:
газ беру кранын дереу жабыңыз
бөлмені желдету үшін барлық терезелерді ашыңыз
104 телефоны бойынша авариялық газ қызметін шақырыңыз
егер белгілі бір жерде (ас үй, дәліз, бөлме) газ жиналса, онда тыныс алу органдарын дымқыл матамен жабу керек
темекі шекпеу, от тұтамау
электр жарығы мен электр құралдарын қоспау және өшірмеу, электр қоңырауларын қолданбау
егер газдың иісі (концентрациясы) күшті болса және газ беру кранын жабу мүмкін болмаса, дереу үй-жайдан (пәтерден) шығып, көршілерді ескертіңіз
қажет болған жағдайда құтқарушыларды немесе өрт сөндірушілерді және жедел жәрдемді шақырыңыз
Қазір қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан түрлі деңгейде улану жағдайлары тіркелуде.
Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта барлық аудан аумағында жалғасады.
Үй иесі газ тұтыну жүйелерінің, газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті;
— Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тиым салынады;
Сіз пәтеріңіздегі газ құралдарын қауіпсіз пайдалануға және үй ішіндегі газбен жабдықтау жүйелерін жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндеттісіз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӨРТ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

Тұрғынның алтын алқасы мен сақинасын ұрлаған ұры қамауға алынды

smarttop

Жолдаудағы өзгерістер

smarttop

Пікір қалдыру