9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Бақытты, берекелі отбасы — еліміздің басты байлығы. Жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған, биыл 11-ші рет өткелі отырған үлгілі отбасылар байқауы отбасы құндылықтарының рөлін арттырып, оң имиджін дәріптейді. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген жақсы сөз бар.
– «Мерейлі отбасы» байқауы – мазмұны мен тәрбиелік жағынан өзгеше іс-шара, яғни аға буынға “Артымда қандай ұрпақ қалдырамын?” деген ой салып, жас буынды әке салған жолды жай ғана жалғастырып қоймай, тың идеялармен байытып, жаңаша қарқынмен жетілдіруге жетелейтін, рухани байытатын шара. Бұл ұлттық байқау – ұрпақтар сабақтастығын жария етіп, елге қызмет етудің ең озық үлгілерін көрсетіп, өнеге алатын байқау ретінде қоғам алдындағы құндылығы жоғары, – дейді Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Айгерім Жұмағұлова.
Қазір қоғамда белгілі бір мамандықты ата касіпке айналдырған азаматтардың көп болуы – қуантарлық жайт. Осындай үлгілі әулеттер қоғамда ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал етеді. Отаншылдық, білімпаздық, еңбекқорлық, үнемшілдік, жанашырлық, әділдік сияқты «Адал азаматқа» тән қасиеттер, ең алдымен, отбасында қалыптасады.
– «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген сөзге отбасындағы тәрбие тұтас сыйып кетеді. Әкесін пана тұтып, ана мейіріміне қанып өскен ұрпақ та өнегелі болады. Біздің отбасында да солай. Ал бала тәрбиесіне қазақ құрсақтан бастап мән берген. Сәби бойға біткеннен бастап тәлім-тәрбиесі мол кітаптар оқып, ұлттық ән-күйді тыңдап, тек жақсы сөздер айту керек. Дастархан басынан батасыз тұрмау, үлкені қол салмайынша кішісі күту секілді ұсақ дүниелерден тәрбие бастау алады. Бүгін мен комиссия мүшесі болып отырып, отбасындағы осындай тәрбиеге көңіл бөлдім ,– деді «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының лауреаты Болатбек Бейісбеков.
Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктеріне мамыр-маусым айларында ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасылар өтініштерін тапсырған. Осыған сәйкес, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр ауданнан 4 үміткер, барлығы 20 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алған болатын. Комиссия мүшелері үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде 20 отбасының адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған арнайы әзірленген бейнероликтерімен танысып, бағалау жүргізді. Олардың қатарында ұстаздар, қолөнершілер, адвокаттар, әскери қызметшілер, кәсіпкерлер, агроөнеркәсіп саласының мамандары бар. Байқауға қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылықта, зияткерлік жолында, кәсіпте жоғары жетістіктері бар отбасылар жіберіліп, атадан балаға бір кәсіпті ұстанып келе жатқандар алға шықты.
Аталған отырыс аясында комиссия мүшелерінің шешімімен Сыдықовтар отбасы жеңімпаз атанып, республикалық конкурсқа қатысуға жолдама алды.
Сондай-ақ, жеңімпаз деп танылған отбасыға арнайы диплом мен 1 миллион теңге қаржылай сыйлық табыс етілетін болады. Ал 19 отбасы да қала әкімінің алғыс хатымен және бағалы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МАРШУТТАР САНЫ КӨБЕЮДЕ

smarttop

ТОҒЫСТА 200 ОРЫНДЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

smarttop

ҚАЛАДАҒЫ СУ ЖИНАҚТАҒЫШ ҒИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

smarttop

Пікір қалдыру