0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БАР

«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймақта 6 кәсіпорында 132 бос жұмыс орындары бар. Олар:
1. «Azala Textile» ЖШС тоқыма фабрикасы – 25 тігінші, 3 оператор, 3 приборлар және автоматика инженері, 1 химия дайындаушы;
2. «Бона Файд Групп» ЖШС киім өндірісі – 6 тігінші, 1 жабушы (ер адам);
3. «Sagitex Group» ЖШС іш киім өндірісі – 6 тігінші, 3 ораушы, 1 жабушы, 1 жабушының көмекшісі, 1 киім дизайнері, 2 үтіктеуші, 1 сауда өкілі, 1 сату менеджері;
4. «Назар Текстиль» ЖШС кілем өндірісі – 1 жүргізуші (Д категориясы), 20 тоқымашы оператор, 5 дизайнер;
5. «ARNATEX» ЖШС синтепон өндірісі – 1 бас есепші, 1 кеңсе менеджері, 1 цех жұмысшысы;
6. «Бал Текстиль» ЖШС кілем өндірісі – 40 тоқу жабдықтарын құюшы, 5 жіп жабдығының операторы, 1 компрессоршы, 1 қалдықтарды қайта өңдеу операторы, 1 бастапқы жабдық операторы.
Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ өкілі Үдербай Шерхан +7 707 164 66 96 телефон нөмірі арқылы байланысып, білуге болады.
2010 жылдан бері іске қосылған арнайы экономикалық аймағы аумағы 225 га құрайды. Мұнда тоқыма өнеркәсібі, химия мұнай химиясы және ішінара машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру үшін инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелері инвесторларға ұсынылады. Сонымен қатар АЭА қатысушылары үшін мынадай преференциялар мен жеңілдіктер — корпоративтік табыс салығын (КТС), жер салығын, мүлік салығын төлеуден және жабдықтарды, шикізатты, тауарлар мен материалдарды импорттау кезінде кедендік баждарды төлеуден және жабдықтарды, шикізаттарды, материалдар мен тауарларды әкелу кезінде және дайын өнім құрамында ЕАЭО елдерінің нарықтарына өткізу кезінде импорттық ҚҚС төлеуден босату қарастырылған.
Бүгінгі таңда АЭА жобалар пулы жалпы құны 153,3 млрд теңге құрайтын, 4 389 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 67 жобадан тұрады. Оның ішінде, инвестициялық құны 59,8 млрд теңгені құрайтын 1 986 тұрақты жұмыс орнымен қамтылған 40 жоба іске асырылды.
Сонымен қатар, 2453 жаңа жұмыс орындарын құрумен 93,5 млрд теңгеге 27 инвестициялық жобаның пулы жасақталды.
Ағымдағы жылы 11 млрд теңгеге 549 жаңа жұмыс орнын құрумен 5 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.
Сондай-ақ, АЭА қатысушыларын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 8,2 млрд теңге қаржы жұмсалды.
Өнім өндіру көлемі 195,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде 85,9 млрд теңгеге жуық өнім экспортталды.
Одан бөлек, АЭА қатысушылары тарапынан бюджетке 11,9 млрд теңге аударымдар жасалды.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында 10 дана бейнебақылау камералары орнатылып, 20 сәуірден бастап оның 5-еуі іске қосылмақ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

smarttop

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру