0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ: ТАРИХИ НАҚЫШТА ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНАДЫ

Кеңес дәуірінің сәулет өнерінің туындысы болғанына қарамастан, жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған. Материалдары талан-тараж болып, ғимарат конструкциясына орасан зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында коммуналдық меншікке өткеннен кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігіне көз жеткізді. Сондықтан 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, «Фосфоршылар сарайының» ғимаратына қатысты қабылданған шешім бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қала мәдениеті — қалалар мен елді мекендердің мәдениеті. Айқындаушы тақырып — өте шектеулі кеңістікте өте әртүрлі адамдардың көп санының болуы — олардың көпшілігі бір-бірімен таныс емес, бірақ бәрібір бір-бірімен сыпайы болуға тырысады. Бұл бір-біріне жақын, бір-бірінің ықпалына ұшыраған, бірақ адамдардың жеке өміріне қол сұғуы міндетті емес субмәдениеттердің кең ауқымын құруға мүмкіндік береді.Шымкенттегі бес аудандағы аудандық сот бірікті. Бұл туралы қалалық сотта өткен брифингте мәлім болды. Осылайша Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты және Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты болып қайта құрылды.

Ескі ғимараттың орнына нысанның тарихи келбеті сақталып, заманауи мәдениет сарайы салынады. Құрылысымен «Сәби» қайырымдылық қоры айналысатын болады. Бұл жұмыстарды күзде бастау жоспарлануда. Қордың тапсырысы бойынша мәдениет сарайының дизайн-жобасы әзірленді.
Ғимарат көркем ромб пішінде, ою-өрнектермен көмкеріліп, тарихи, заманауи нақыштардың эстетикалық үйлесімімен бой көтереді. Мәдениет сарайында өнер, кәсіп дағдыларына бағытталған үйірмелер іске қосылады.
Қала көркін арттырып, тұрғындарға пайдалы қызмет көрсетітетін орталық аумағы абаттандырылып, сарайдың маңына жасыл желек отырғызылады. Жобада субұрқақтар мен аллеялар, балалар және спорт алаңдары қарастырылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША СҰРАҚ/ЖАУАП

smarttop

ҚАЙТАРЫМСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАСЫЗ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫНДА 32 ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру