3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ БҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКEГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткен еді. Кейінгі жылдары елімізде бұл салаға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Республика бойынша халық ең көп шоғырланған Шымкент қаласында бұл бағытты дамыту ерекше жолға қойылған. Шымкент Креативті индустрия ассоциациясы 2022 жылдан бері жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасап, оларға бағыт-бағдар беріп келеді. Соның айғағы бүгін Арбат алаңында Шымкент қаласының креативті индустриясы кәсіпкерлері қатысқан жәрмеңкеде дәлел болды. Қазақ халқының зергерлік өнері Қазақстанның Алтайдан Оралға және Сырдариядан Солтүстік орман далаларына дейінгі жерлерін мекендеген көшпелі халықтар мәдениетінің дәстүрі негізінде қалыптасты. Археологиялық қазбалар жүргізген кезде осы аталған аймақтардан алтын, күміс, қоладан жасалған, қымбат тастармен әшекейленген ескерткіштер табылған. Табылған заттар арқылы қазақтың зергерлік өнерімен салыстырып, түрлі-түсті асыл тастарды, алтынды пайдалану тәсілдерінің сол уақыттан бері келе жатқанын анықтаған.Зергерлер алтын мен күмістен әйелдер әшекейін жасады. Оларға қымбат тастардан, маржаннан көздер орнатқан. Қазақ әйелдерінің омырау әшекейлеріне тікбұрыш пішінді өңіржиек, доға тәрізді тұмарша немесе бойтұмар жатады. Қыздардың шаш ұшына байланатын әшекейі шолпы деп аталған.

Зергерлер бұдан басқа да шаш салпыншағын – шашбауды, сондай-ақ білезік, жүзік, сырға, қапсырма, ілгек, сәукеле әшекейі – шілтірді, түйме мен түрлі түйреуіш жасаған.

Кәсіпкерлер өз өнімдерін халыққа ұсынып, ұлттық нақышта дайындалған бұйымдардан көрме ұйымдастырды.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустриясы мен Шымкент қаласының Креативті индустрия ассоциациясымен бірге өткізген жиынға қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер, суретшілер және т.б. шеберлер қатысты.
Аталған іс-шара алдағы уақытта аптаның әр сенбі күні тұрақты түрде өткізіледі дейді жауаптылар.
Шымкент келбеті

Ұқсас ақпараттар

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

smarttop

МИРАСТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІН ТАРТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

smarttop

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БАЛАЛАР АЛАҢШАЛАРЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру