Smarttop.kz

Полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздері мен патрондар тәркіледі

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 69 жастағы қарт адамды қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ұстады.

Полицейлер Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, белгісіз жануардың мүйіздері мен алдын ала болжам бойынша арқардың еті, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тауып тәркіледі.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып,
тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ: «ЖЕКЕ МЕКТЕПТЕР МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫ ОРНЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕДІ»

smarttop

БАСҚАРМАДА 100-ДЕН АСА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру