16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

🔷 Аудан аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Нұртас шағынауданындағы Даналық көшесінде жүргізілген тазалық жұмыстарына 200 адам қатысты. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылды, көгалдар қырқылып, жасыл желек қалпына келтірілді.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, тазалық туралы сөз қозғар болсақ, қоғам тазалығы, тіл, ар-ождан, жеке бастың, қоршаған ортаның тазалығы деп осылай тізбектеле береді. Бұлардың қай-қайсысы да адам үшін маңызды. Ал, біздің бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз – қоршаған ортамыздың тазалығы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тазалыққа байланысты былай деген: «бұл орайда мен әрбір қазақстандық өзінен бастауы керек: өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан бастауы, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін баса айтқым келеді. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнамақ емес».
Елімізде республика көлемінде жыл сайын көктем-күз мезгілдерінде тазалық, көріктендіру айлығы жарияланып келеді.Тазалық – баршаға ортақ. «Тазалық сыпырған жерде емес, сақтаған жерде» демекші, әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, туған жерінің қадірін ұғынып, тазалығын сақтауға ынта қоюға міндетті. Алайда, бізде әлі де немқұрайдылықпен қарайтындар саны көп. Кез келген жерге қолындағы қоқысты лақтырып кете береді. Қоршаған ортаны ластағаны үшін көңіліне сызат та түспейді.
🔷 Тазалық акциясына қалалық “Amanat” партиясы қызметкерлері, “Жастар рухы” жастар қанаты мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және аудан әкімі аппараты қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.

🔷 Санитарлық шараларға 9 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде көлемі 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

🔷 Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы аумағында 5 негізгі бағыт бойынша 22 рет тазалық жұмыстары (сенбіліктер) ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмет

Ұқсас ақпараттар

“ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ”

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ОҢ ӨСІМ БАР

smarttop

Пікір қалдыру