Қазіргі таңда еліміздің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі саналатын Шымкент қаласын кешенді дамыту шеңберінде тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаюда. Бұдан бөлек жаңа өндірістік аймақтар, айналма темір жол тармағы және тәулігіне 20 мың адам қабылдайтын жаңа темір жол вокзалын салу, қаланы шеңберлей отырып, 3 айналма жол салу көзделген. Бас жоспарды әзірлеудің басты мақсаты қаланың және іргелес аумақтардың әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамуының ұзақ мерзімді перспективаларын айқындау, оның жоспарлы құрылымын, функционалдық қала құрылысын аймақтандыруды, қолайлы тіршілік ету ортасын құруды қамтамасыз ететін инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының принципті шешімдерін қалыптастыру болып табылады.
Бас жоспар (бас жоспар, БЖ) жалпы мағынада — жобалық құжат, оның негізінде аумақтарды жоспарлау, дамыту, реконструкциялау және қала құрылысын дамытудың басқа түрлері жүзеге асырылады. Бас жоспардың негізгі бөлігі (кейде оны бас жоспар деп те атайды) — бұл жобаланған объектінің сызбасын аумақтың топографиялық, инженерлік-топографиялық немесе фотографиялық жоспарына графикалық қабаттастыру арқылы алынған масштабты кескін.
Жалпы қаланы салу перспективасы негізінен солтүстік бағытта, Тұран, Шымкент-сити тұрғын аудандарының, жаңа орталық ауданының көпқабатты кешендерімен белсенді түрде салынуда.
Одан бөлек, қаланың серпінді дамуына және туристік әлеуетін арттыруға ықпал жасайтын, маңызды ірі замануи жобалар ретінде 2000 орынды «Конгресс холл» салынды. Бұдан бөлек 800 орынды «Опера және балет» театры, 2000 орынды 4 «Оқушылар сарайы», «18 жайлы мектеп», 320 орынды «Перинаталды орталық», 800 орынды «Универститеттік клиника», 5000 орынды жабық «Спорт аренасы» (болжаммен 2024-2025 жылдары), 35 мың орынды «Футбол стадионы» құрылыстары қарқынды салыну бағытында жұмыстар атқарылуда.