4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

2024 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 590 792 Ш.М. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНДЫ

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, жыл басынан бері үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 13 (жергілікті орган 8, Астана қаласымен — 5) компания бар. Қазіргі таңда осы бағытта қала аумағында 24 тұрғын үй кешені қарқынды салынуда.
Жалпы 2024 жылға қала аумағында 1 360 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілген.Аталған тұрғын үйлердің құрылысын «Отау Строй» компаниясы жүргізуде. Бас инженер Абжат Акимовтың айтуынша, қалашықта 360 пәтерлі тұрғын үйдің негізгі бөліктері аяқталған. Қазір ішкі жөндеу және қасбеттерін қаптау жұмыстары жүріп жатыр. Бас жоспарда тұрғын үй қорын салумен қатар, жобаланатын аумақты ескере отырып, қоғамдық қалалық орталықты дамытумен және қолжетімділіктің нормативтік радиусына сәйкес қызмет көрсету объектілерін ұтымды орналастырумен мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру ұсынылады.

Сонымен қатар, қалашықта 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталған. Енді сол маңнан балабақша салынады. Оған қажетті инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Өз алдына модульді жылыту қазандығы  бар. Ол мекемелер мен тұрғын үйлерді жыл он екі ай ыстық сумен қамтиды.

Еске сала кетсек, «Shymkent City» шағынауданының жалпы ауданы — 427 га, 12 орамға бөлінген. Соның ішінде, мемлекет қаржысы есебінен 24,5 га құрайтын 1-ші орамда жалпы құны 27 млрд теңгеге 43 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 39-ы — көпқабатты тұрғын үй. Бүгінгі таңда қалашықта 25 нысан пайдалануға берілген, 23 көпқабатты тұрғын үйдегі 1290 пәтер ел игілігінде.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 590 792 ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға қабылданды.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан азаматтарға 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, 2024 жылдың шілде айына дейін жалпы саны – 32 491 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫНДА 94 МЫҢ 320 ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

smarttop

Түркиядан арзан бағада алтын әшекейлер әкеп беремін деп көршісін алдаған әйел ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТ ЖАҢҒЫРҒАН МЕРЕКЕДЕ ЖАҢА ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру