10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 13 октября, 2024
Smarttop.kz

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОТБАСЫ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕДІ

Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде Отбасы күні мерекесіне байланысты әскери қызметшілердің отбасына арнайы мәдени-демалыс шарасы ұйымдастырылды.

Мәдени-демалыс шарасы табиғаттың ортасында Шымқаладағы Дендросаябағында өтті. Жауынгерлеріміздің жанұялары үшін ұйымдастырылған шараға бөлім басшылығы мен барлық әскери қызметшілер ұл-қыздарымен, ата-аналарымен, бауырларымен келді.

Алдымен бөлім командирі подполковник Нұрлан Сакибеков барлық әскери қызметшілердің отбасын мерекемен құттықтап, әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік ортада, әскери қызметте үздік, қырағы қызмет атқаруына алдымен отбасындағы ананың, әйелдің ықпалы, көмегі зор екенін айтып оларға үлкен алғыс білдірді.

Отбасындағы татулық пен бірлікті дәріптеуге арналған мәдени шарада әскери қызметшілердің жанұялары арасында спорттық, отбасылық сурет салудан жарыс ұйымдастырылды, өнерлі балалар тақпақ, ән айтып мәз-мейрам болысты.

Осылай әскери қызметшілер әулетіне құрмет көрсететін іс-шаралар өткізіледі. Мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор. Олар отбасылардағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді, балалардың мамандыққа деген қызығушылығын ашады, ұрпақтар сабақтастығын үлгі-өнеге етеді. Әскери ұжымдағы салауатты моральдық ахуал және отбасының ынтымағы – әскери қызметшінің табысты қызметі екенін ескерген жөн.

Шара соңында белсенділік танытқан әскери қызметшілердің отбасына, сайыста жеңімпаз болғандарға және балаларға бөлім командирінің арнайы дипломдары мен сыйлықтар табысталды. Табиғат аясындағы тамаша мерекеге куә болған әскери қызметшілеріміздің отбасы бөлім басшылығына алғыстарын жаудырды. Мәдени демалыс шарасы табиғат аясындағы балаларға арналған мерекелік дастарханмен аяқталды. Айта кетейік бұл игі дәстүр әскери бөлімде жыл сайын жалғасын таппақ.

Ұқсас ақпараттар

В ШЫМКЕНТЕ ПРИОБРЕСТИ УГОЛЬ МОЖНО В СЕМИ МЕСТАХ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА: 2-10-20, 5-10-20 ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру