5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Шымкентте алғаш рет аурухана базасында госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының Денсаулық басқармасының мәліметі бойынша бөлімше Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында ашылған. Оның іші қажетті медициналық жабдықтармен, медициналық және ламинарлық шкафтармен, ротациялық орау машинасымен жабдықталған. Қалада енгізілген фармация бөлімшесі тұрғындардың денсаулығын сақтау және эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Бөлімшенің басты міндеті дәрілік заттарды уақтылы, сапалы дайындау және пневматикалық пошта арқылы медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу болып табылады.

«Денсаулық сақтау саласы Шымкент қаласында балалар ауруханасында үлкен жетістіктерге жеттік деуге болады. Бұл бөлімшеге біз біраздан бері осыған жетеміз деп жүргенбіз, бұл бөлімше дәріні тиімді рационалды пайдалануға керек. Өйткені осыған дейін дәріні әр баланың салмағына, балаға керектігіне байланысты дәрігер тағайындайды.

Ал тағайындаған кезде дәрінің 20мл немесе 50 мл болуы мүмкін, сол дәрінің кеп бөлігі пайдаланылмайды, өйткені дәріні бір ашқаннан кейін стерильді препарат болғаннан кейін болмайды. Ал енді қазіргі енгізіп жатқан жүйе тиімді пайдаланып бір емес екі балаға,үш балаға тиісті сақтай отырып пайдалануға жол береді»,- деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков.

Яғни, қаланың ауруханаларында госпитальдық фармация бөлімшесін ашу нәтижесінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану есебінен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге болады.

Осыған орай биыл 6 медициналық ұйымды госпиталдық фармация бөлімімен қамтамасыз ету жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

smarttop

ШЫМКЕНТ: 155 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 80 НЫСАНДА ЖОЛ ҚҰРЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру