20.3 C
Шымкент
Четверг, 21 августа, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР: «ҚТЖ» ФИЛИАЛЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУЛЕР ЖАСАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік субъектілеріне монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына байланысты шаралар қабылдады. «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қатысты арнайы хабарлама енгізілген.

Қосбаев Ернардың айтуынша, тексеру барысында филиал вагондарды беру және шығару кезінде кейбір нарық субъектілеріне басқаларға қарағанда артықшылықтар бергені анықталған. Бұл әрекет нарықтағы бәсекелестікті бұзып, басқа субъектілерді кемсітушілікке алып келген. Қазіргі уақытта хабарлама талаптары толық орындалып, филиал қызметі заңнамаға сәйкес реттелді, сонымен қатар белгілі бір субъектілерге қатысты жеңілдіктер алынып тасталған.

Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен акцияларының 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі кәсіпорындар бір көзден келісімшарт жасау үшін монополияға қарсы органнан рұқсат алуға міндетті. 2024 жылы Департамент осындай 10 өтінішті қарады, олардың 7-еуіне келісуден бас тартылды.

2024 жылы Шымкент қаласы бойынша кәсіпкерлік қызметтегі заң бұзушылықтарды анықтап, қатаң шаралар қабылдады. Тексеру жұмыстары прокуратурамен бірлесіп жүргізіліп, департамент үш тергеп-тексеру ісін аяқтады.

Ең ірі заң бұзушылықтардың бірі «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның әрекеттерімен байланысты болды. Тексеру нәтижесінде компанияның Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабын бұзғаны анықталды. Мәні бірдей келісімдерге әртүрлі шарттар қолданып, корпорация өзінің нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланғаны үшін 104,7 млн теңге айыппұл салынып, бюджетке өндірілген.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы да назардан тыс қалмады. Бұл басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.

Бұл шаралар Шымкент қаласында адал бәсекелестік ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОБЛЫСТАҒЫ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫН АТАП ӨТІП, СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНЫҢ УШЫҒУЫНА ДАЙЫН БОЛУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІН АЙТТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 58 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ АРҚЫЛЫ ИПОТЕКАЛЫҚ БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

smarttop

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ (ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША).

smarttop

Пікір қалдыру