«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы аумағында да тазалық іс-шаралары өтуде. Бүгін Тұран-2 шағынауданының Омбы және №7 көше бойында тазалық жұмыстары атқарылды. Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов бұл жұмыстар тұрақты ұйымдастырылып жатқанын айтады.
– Тұран-2 шағынауданының жаңақұрылыс аумағында көпқабатты үйлер, жеке үйлер салынып жатыр. Өздеріңіз көргендей, жолдың бойында құрылыс және тұрмыстық қатты қалдықтар бар. Бүгінгі акция барысында көше бойын осы қалдықтардан тазартып жатырмыз. Жалпы 100-ден астам жұмысшы және қосымша 9 техника тартылды, – дейі аудан әкімінің орынбасары.
«Жасыл жер» мекемесінің қызметкерлері ирригациялық арықтарды, аяқжолдарды ретке келтірді. Сондай-ақ, аудан аумағында бүгін Шаяхметов, Назарбеков көшесінде де санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.
Елімізде экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қоғам назарынан тыс қалмайды. Апта сайын ұйымдастырылатын бұл акциясының елге берері мол. Сол үшін де апта сайын және жыл соңына дейін жалғаспақ. Республикалық акциясы Шымкент қаласындағы аудандарда, шағын аудандарда, көшелер мен саябақтарда кең көлемде өткізіліп келеді. Бүгін Еңбекші ауданы әкім аппарытының бастамасымен, 12 шағын ауданыдағы Ш. Уәлиханов көшесі тазаланды.
— Таза Қазақстан акциясы күнделікті жүргізілуде.
Бүгін аудан бойынша 9 секторға бөлініп, 9 техникамен 250 ден астам адам акция аясында жұмыс жасауда. Біз тек қана қала көшелері мен өзен жағасын тазалаумен айналысып жатқан жоқпыз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген қызықты шараларды өткіздік. Тазалық жұмыстарынан бөлек тәрбие жұмыстарына да баса назар аудардық. Өйткені жастар қоршаған ортаны қорғаудың, сақтаудың маңыздылығын жете түсінулері керек. Бүгін жинаған жер ертең қайта шашылып жатады. Осыны тыйған жағдайда нәтиже бар деп айта аламыз,-дейді Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев.