Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласы жалақы мөлшері төмен өңірлер қатарына жатады (Шымкент қ. 16 орында, Жамбыл облысы 17, Түркістан облысы 18, Солтүстік Қазақстан облысы 19, Жетісу облысы 20).
Осы ретте, өңірдегі жалақыны арттыру бағытында жүйелі шаралар қабылдануда. Жергілікті бюджеттен 15 мыңға жуық еңбекақысы төмен азаматтық қызметшілердің жалақысын қосымша 50 мың теңгеге көтердік.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді.
Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 140 мың теңгеден асты.
Қазіргі таңда, өңірдегі орташа жалақы көлемі 12,5 пайызға өсіп, 304 мың теңгеге жетті.
Жұмыс орындарын құрып, халық табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр.
Өңірдегі белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны 468 мыңнан асты.
Биыл жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, жұмыспен қамту шараларына 45 мыңнан астам адам тартылып, 32 мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылды (оның ішінде, жеке бастама – 18,3 мың адам, бос жұмыс орындарына – 13,4 мың адам).
Жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30 пайызға азайды (2023 ж. 10 айы – 12 108 отбасы, 2024 ж. 10 айы – 8 511 отбасы).
Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан 4,8 пайызға төмендеді (РК – 4,6 пайыз, Шымкент қ. 3 орын).
Әкімдік алдындағы маңызды міндеттердің бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау, оларға сапалы медициналық көмек көрсетіп, қоғамдық өмірге бейімдеу.
Өкінішке орай, бұл санаттағы азаматтардың саны жыл сайын өсіп келеді (2022 ж. – 38 976, 2023 ж. – 40 728, 2024 ж. 10 айы – 41 544 адам).
Сондықтан, бөлінген қаржы көлемі ұлғайтылып (2024 жыл – 12,3 млрд тг, 2023 жыл – 8,2 млрд тг), 38 мыңға жуық әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, биыл заманауи үлгідегі 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды.
Одан бөлек, №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 50 орындық қосымша ғимарат салу және №6 орталыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.