15.3 C
Шымкент
Вторник, 14 октября, 2025
Smarttop.kz

ІНЖУ ТҰРСЫНӘЛІ:СЕНІМ, ЖІГЕР ЖӘНЕ ЖЕҢІСКЕ АПАРАР ЖОЛ

Інжу Түрсынәлінің есімі Қазақстанның спорт тарихында ерекше орын алады. Оның спортқа деген сүйіспеншілігі бала кезінен басталды. Мектеп қабырғасынан бастап-ақ Інжу жаттығулардың өзінде жай ғана қатысушы ретінде емес, үнемі үздік болуға ұмтылды.

Оның спорттық жолы каратэмен басталып, кейін волейбол, армрестлинг, дзюдо арқылы джиу-джитсуға ұласты. Бұл өнер оның өмірлік ісіне айналды.

«Бірінші сыныптан бастап спорт залында үйдегіден де көп уақыт өткізетінмін. Мен үшін тек қатысып қана қою жеткіліксіз еді — мен көшбасшы болғым келді», — деп еске алады Інжу.

15 жыл бойғы тынымсыз еңбектің нәтижесінде ол джиу-джитсудан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, ҚР спорт шебері дәрежесін иеленді. Сонымен қатар, бірнеше мәрте ел біріншіліктерінің жүлдегері атанып, халықаралық дәрежедегі «А» санатындағы төреші лицензиясын алды. Бұл оған JJIF — Халықаралық джиу-джитсу федерациясы ұйымдастыратын беделді жарыстарда төрешілік етуге мүмкіндік береді.

Оның бапкері Леонид Исрафильұлы Юсупов:«Ол — менің бүкіл мансабымда жолыққан ең үздік төрешілердің бірі», — деп баға берген.
Бұл сөздер ресми ұсынымхаттарда да бірнеше рет келтірілген, бұл Инжудың халықаралық деңгейдегі беделінің жоғары екенін көрсетеді.

Алайда Інжудың спорттағы үлесі тек жеке жетістіктерімен шектелмейді. Ол бүгінде 200-ден астам спортшы жаттығатын өзінің жеке спорт залын ашқан. Оның шәкірттерінің қатарында әлем чемпиондары мен Азия ойындарының жүлдегерлері бар. Бұл зал тек жаттығу орны ғана емес, аймақтағы спортшы жастардың дамуына жол ашатын орталыққа айналған.

«Біз мұнда тек техниканы емес, тәртіпті, өз-өзіне деген сенімді, үлкенге құрметті де үйретеміз. Бұл жерге балалар, ата-аналар, түрлі жастағы спортшылар келеді», — дейді Інжу.

Ол өзінің тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын, төрешілік курстарын өткізеді, халықаралық спорт форумдарына қатысып, Қазақстанның беделін жауынгерлік өнер әлемінде арттырып жүр.

Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығы да оның еңбегін жоғары бағалап: «Інжудың спортқа қосқан үлесі — ел болашағына жасалған инвестиция. Ол жаңа чемпиондар буынын тәрбиелеуге көмектесіп келеді», — деп атап өтті.

Бүгінде Інжу өзінің спорт мектебін дамытуды жалғастырып, болашақ жұлдыздарды даярлауда және әлемдік деңгейдегі жарыстарда төреші ретінде қызмет етуде. Оның арманы — Қазақстанды джиу-джитсудан әлемдік көшбасшылар қатарына шығару.

«Мен үшін спорт — бұл жай ғана мансап емес. Бұл — адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертудің мүмкіндігі», — дейді Інжу Түрсынәлі.

  • Материал Қазақстан джиу-джитсу федерациясы мен Халықаралық JJIF федерациясының қолдауымен дайындалды

Автор:Әлихан ЖАНАРБЕК

Ұқсас ақпараттар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТУДЕ

smarttop

Шымкенттік спортшылар топ жарды!

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру