30.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

БИЫЛ ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНА ҚОСЫЛАДЫ

Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабында 8 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Екі мектеп, үш балабақша, амбулатория мен мәдениет үйі жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. Аумаққа инфрақұрылым жүйелерін кіргізу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда,
💡 электр жарығы – бүгінде 100 пайыз жекеменшік жарықпен қамтылған. Мемлекеттік бағаналар орнату жұмыстары өткен жылы басталған. Осы жылдың соңына дейін толық мемлекеттік сапалы электр жарығына қосалатын болады.
🚰 ауыз су – тұрғындар ауыз суды жекеменшік жүйеде тұтынады. Мемлекеттік ауыз су кіргізу үшін өткен жылы ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өтті. Биыл құрылыс жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқталады.
🔥 табиғи газ – тұрғын алап табиғи газбен қамтылмаған. Өткен жылы ЖСҚ әзірленді. Мемлекеттік сараптамадан наурыз айында қорытындысы алынады. Биыл құрылыс жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқталады.
🛣️ жол – мұндағы 83 көшенің 18-і асфальтталған, 35-і тас жол, 20-ы топырақ жол. 2021 жылы 20 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді, 2022 жылы 15 шақырымға шағал тас төселеді. Асфальттау жұмыстары 2023 жылы жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталған соң қолға алынбақ.

Ұқсас ақпараттар

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ АЙДА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰП НЕКЕЛЕСУГЕ ӨТІНІШ БЕРГЕН

smarttop

Полицейлер 14 жайт мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты құрықтады

smarttop

Пікір қалдыру