3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 70 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

❇️Асфальттеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында, «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады.

Қалада 2023 жылы 182 жобаның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр: құрылыс және қайта құру – 20, күрделі жөндеу – 3, орташа жөндеу бойынша 159 көшеде құрылыс жұмыстары атқарылады. 122,7 шақырым шағал тас төселіп, 178 аялдама орнатылады.

Еңбекші ауданында асфальт жолдың үлесі 71,5 пайызды құрайды: шағалтас – 25,8 пайыз, топырақ жол – 2,7 пайыз. Өткен жылы 57 көше жөндеуден (57,7 шақырым) өтті.

Биыл ауданда 132 көше (86,4 шақырым) асфальтталады, 23 көшеге (19 шақырым) шағал тас төселеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда жолдарды жөндеу 1,5 есеге немесе 28,7 шақырымға артады.

Жыл қорытындысы бойынша шаһардағы асфальт-бетон көшелердің үлесін 67,4 пайызға (2198,6 шақырым) жеткізу басты назарда.

🔷 Сондай-ақ Қаратау аумағындағы 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. 🔷 Сонымен қатар жыл соңына дейін «Сайрам», «Тұран» елді мекендеріндегі атауы жоқ немесе атауы моральдық тұрғыда ескірген көшелерге тарихи тұлғалардың есімдері берілетін болады.

Сонымен қатар, Ақтас-2 мен 276 орам тұрғындары бүгінде қатты отынды пайдаланып отыр. Көгілдір отынмен қамту мақсатында Ақтас-2 шағынауданында газ құбырын тарту жұмысы жүргізілуде. Р.Мыңбаевтың сөзінше, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, шағынаудан 100% табиғи газбен қамтылатын болады. Ал, 276 орамға газ жеткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.
– Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87% құрайды. Биыл Шолохов көшесінде кәріз жүйесінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Хлопзавод көшесіне кәріз тарту үшін жуырда құрылыс басталды. Қазан айына дейін қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, ауданда ұзындығы 299,1 шақырымды құрайтын 404 көше бар. Жолдардың 88 % асфальт, 12 % тас жол. Жыл соңына дейін 30 көшеге асфальт төселеді,-деді аудан әкімі.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАУАПТЫЛАРҒА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЕЗ АРАДА ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ДҰРЫС ҰСТАНЫМДАҒЫ ЖАСТАР ТУРА ЖОЛДАН АДАСПАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру