16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ЛИФТ» БҰЗЫЛСА 109 НӨМІРІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!

Қала аумағында орнатылған жедел сатыларға (лифт) қызмет көрсетуші мекемелердің жұмыс сапасын арттыру және тұрғындардың жедел саты бойынша мәселелерін дер кезінде шешу — кезек күттірмейтін мәселе.
Осыған орай, Шымкент қаласының ситуациялық @ikomek109.shymkent орталығы мен Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, жедел сатыларға қызмет көрсетуші мекемелер қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдардың, шұғыл шақыртулардың орындалу сапасын қадағалау мақсатында бірлесе жұмыс істейтін болды.
Енді, қала тұрғындары жедел сатыларда (лифт) қалып қою, олардың істен шығуы және басқа да мәселелер бойынша БІРЫҢҒАЙ 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жедел хабарласа алады.
@ikomek109.shymkent орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді 24/7 мына байланыс арналары арқылы қабылдайды:
1. Қалалық және мобильді телефондардан 109 бірыңғай нөмеріне ТЕГІН қоңырау шалу;
2. What’s App +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама жазу;
3. Instagram @ikomek109.shymkent парақшасына жекеге жазу;
4. Facebook IKomek Shymkent парақшасына жекеге жазу;
5. @shymkentonlinekz_bot Telegram-bot арқылы.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1500-ге тарта құқық бұзушылықты анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 300 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

smarttop

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ 41-ШІ МАУСЫМ ШЫМЫЛДЫҒЫН «КЕЙКІНІҢ КЕГІ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШТЫ

smarttop

Пікір қалдыру