30.3 C
Шымкент
Пятница, 18 июля, 2025
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 660 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Түркістан облысы бойынша былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 660 млрд 253 млн теңгеге жетті. Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп саласына (27,7%) тиесілі. Кейін жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,5%), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс саласына – (12,7%) тиесілі. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бағлан Қарғұлов мәлімдеді.
«2021 жылы Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 859 млрд теңгеге жетті. Нақты көлем индексі бойынша облыс республикада 8-орынды иемденді. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында ауыл, орман өсіру және балық шаруашылығының үлесі – 19%, өнеркәсіп – 14,7%, білім беру 14,4%, көлік және қоймалау — 11,6% алып отыр», — деді Бағлан Абайбекұлы.
Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 707 млрд 802 млн теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артқан. Сондай-ақ, ҚР бойынша жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 10,1%-ы Түркістан облысына тиесілі.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

smarttop

SHYMKENT IT HUB» АШЫЛДЫ

smarttop

КӨШПЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕЛЕР АРҚЫЛЫ 2 066 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру