18.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

БИЫЛ НҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫ ГАЗ ЖӘНЕ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Жер көлемі 860 гектарды алатын «Нұртас» шағынауданы қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. 16 мыңға жуық халық тұруда. Онда 3 537 жеке тұрғын үй мен 8 көпқабатты тұрғын үй бар. Бүгінде шағын ауданда жаңадан тұрғындар қоныстана бастаған көшелерді инфрақұрылыммен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.

💡 Шағынаудандағы үйлер мемлекеттік электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағындағы көшелерді сапалы электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңында аяқталады.

🚰Ауыз су мәселесі толығымен шешілген.

🔥 Ондағы жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерге табиғи газ берілген болса, жаңадан қосылған көшелерде көгілдір отын әзірге жоқ. Оларды қамту үшін газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы 2022 жылы толық аяқталады.

🛣️ 63 көшенің 53-не асфалть төселген. Қалған 6,7 шақырымына шағал тас төселген болса, 4 шақырымы топырақ жол. Биыл 3 шақырым топырақ жолға шағал тас төселеді.

💡2021 жылы Б.Тулкиев (989м), Гүлдала Зере (5,2км), Шертер (789м) және Ақбота көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылды. Ал, осы жылы Маржан тас, Хан тәңірі, Тасанбаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

🏤Шағын ауданда 2 мектеп, 14 бала бақша және 1 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңша бар.

🚌 Нұртасқа № 10, 54, 56, 114 қоғамдық көлік қатынайды.

Ұқсас ақпараттар

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІН ҰЙЫСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ РӨЛІ АЛДЫН АЛУДА

smarttop

Түркістан облысында ер адамды бопсалаған жас жігіт 3 жылға сотталды

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 132 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ, 23 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру