1.3 C
Шымкент
Четверг, 22 января, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «КӨКТЕМ-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында екі күнге созылатын республикалық «Көктем-2022» командалық-штабтық оқу жаттығуы басталды.

Бадам өзені маңында өтіп жатқан оқу-жаттығу биылғы су тасқыны кезеңінде ықтимал төтенше жағдайларды жою шараларына азаматтық органдарының күштері мен құрылдарын дайындығын тексеру, әрі іс-әрекетті пысықтау үшін ұйымдастырылып отыр.

Оқу-жаттығу барысында Шымкент қаласының аумағында каналдарды, арықтарды, суағарларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара аясында су тасқыны орын алған жағдайда тұрғын үйлерді су басу қатерін жою кезінде Бадам өзенінің арнасын өзгерту, өзен бойындағы қауіпті учаскелердің түбін тереңдету және жағалауын нығайту бойынша жұмыстарды практикалық түрде көрсетілді.

Осындай пракикалық іс-шаралардың бірі Еңбекші ауданы Жылан бұзған елді мекенінде де ұйымдастырылды.

Практикалық жаттығуға құрылыс, жайлы ортаны дамыту басқармасы, қаланың ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі, «Қазселденқорғау» Оңтүстік өңірлік пайдалану-техникалық басқармасы, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадалары қатысты.

Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 50 адам және 12 техника жұмылдырылған.

Ұқсас ақпараттар

«МЕНІҢ ГҮЛДІ АУЛАМ» КОНКУРСЫ❗️❗️❗

smarttop

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Құрбан айтпен құттықтады

smarttop

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ, ЖЕМІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру