Smarttop.kz

БАЛАЛАР СПОРТТЫҢ 71 ТҮРІ БОЙЫНША ТЕГІН ЖАТТЫҒАДЫ

Шымкентте биыл 14 мың бала тегін спорттық үйірмелермен қамтылады. Бұл туралы @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев мәлімдеді.

Балалардың спорттық әлеуетін арттыру мақсатында спорт үйірмелерін жүргізуге мемлекеттік тапсырыс берілуде. Осы тапсырыс аясында кәсіпкерлер спорттың 71 түрі бойынша қаржыландырылып, 4-18 жасқа дейінгі балалар өздерінің таңдауы бойынша спорт секцияларында тегін жаттығады.

Қазіргі таңда мемлекеттік спорт тапсырысына 922 кәсіпкерден өтінім түсіп, біліктілік іріктеуінен соң 85 кәсіпкерге оң шешім берілген.

Кәсіпкерлердің басым бөлігі футбол, жүзу, таеквондо, каратэ, баскетбол және бокс спорт түрлеріне ұсыныс берген.

2022 жылы мемлекеттік тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2,3 млрд теңге қаралып, 14 мың баланы тегін спорттық секциямен қамту жоспарланып отыр.

Жан басына қаржыландыру – спорт инфрақұрылымын дамытуға, салауатты өмір салтын белсенді насихаттауға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Эфир барысында басқарма басшысына 50-ден астам сауал жолданды. Тұрғындар сұрағының дені жан басына қаржыландыру, ақысыз спорт секциялары төңірегінде болды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ МЕКТЕП ҒИМАРАТТАРЫН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САҚАДАЙ САЙ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 26 МЫҢ КІТАП ҮЛЕСТІРІЛДІ

smarttop

ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру