5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ МҮШЕЛІККЕ ӨТУДЕ АЛДЫН АЛА ШЕШІЛІП ҚОЙҒАН»

16.03.2022 жылы қоғамдық кеңеске өту үшін әңгімелесу өткен болатын. Алғаш рет барып отырғандықтан қобалжу да болды.Алайда, кейбір үміткерлер алдын ала шешіп қойған деген әңгіме айтып сенімсіздік таныта бастады. Әліптің артын бағайын деп ұзақ отырдым. Әңгімелесуде барлық сұрақтарына толыққанды жауап беріп қайттым.Дегенмен, адамға күдік ұялатып сенімсіздік дәнін сепкен жандармен сөйлесіп,неге олай айтқанын сұрадым.
-ой,барлығы шешіп қойған дейді ғой деді.
-кім дедім.
-айтып жатыр адамдар, әуре болма деді маған да.
-мм, шешіліп қойған болса,шанс болмаса неге келдіңіз?
-жай,көрейін деді.
-кіммен сөйлестіңіз, шешетін кім екен?
-әкім ғой…
-сіз сонда өзінен сұрадыңыз ба?
-жоқ а, қайда өзінен сұрау…
-онда неге олай айтып отырсыз? Бекерге біреуді жаманатты ету болмайды,дедім.
-еех, олар бәрібір сондай деді де кіріп кетті.
Міне, істің байыбына бармай біреуді даттауға,қаралауға құмармыз. Шын мәнінде әкім осындай сөздерден қашып кандидат ұсыну құзіретін де пайдаланбапты.Бас тартқан.
Енді ресми мәліметті сала кетейін:
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен актив отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов Қоғамдық кеңес құрамын жасақтау барысында үміткер ұсыну құзырынан бас тартқанын мәлім етті.
«Қазіргі таңда Шымкент қаласында Қоғамдық кеңес құрамын жасақтау жүріп жатыр. Бүгінгі кеңестің 29 мүшесінің 10-ы не мемлекеттік қызметкер, не болмаса квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері болса, енді сайланып жатқан Кеңес толығымен азаматтық қоғам өкілдерінен құралады деген сенімдемін. Әкім ретінде менің Кеңестің 29 мүшесінің 9-ын ұсыну құзырым бар. Алайда бұл құзырымнан бас тартып, ешкімді ұсынған жоқпын. Үміткерлер өздері қатысып, тәуелсіз таңдау комиссиясы өздері шешім шығарады»,-деді әкім.
Президентіміз азаматтық қоғамды дамытуға көп көңіл бөлгенін айтқан қала басшысы Шымкентте 840 үкіметтік емес ұйым тіркелгенін, өкінішке қарай оның бәрі бірдей белсенді қызмет атқармайтынын атап өтті. Осы ретте шаһар басшысы кәсіпкерлерді азаматтық бастамаларды қолдауға шақырып, үкіметтік емес ұйым басшыларын мемлекеттік қолдаумен бірге, бизнес қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға тиіс екенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН АУДАНЫНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

Жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды

smarttop

ТҮРКІСТАНДА МӘСЛИХАТ ХАТШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру