Smarttop.kz

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен 21-22 наурыз күндері “ДәмДәсTour” атты тұңғыш ресторандар жәрмеңкесі өтпек.

Жәрмеңкеге Шымкент қаласындағв 50-ге жуық ресторан қатысып, 6 номинация бойынша бақ сынасады.
Байқауға қатысушыларды Айгуль Мукей, Мақсат Мамраймов, Игорь Копайлов сынды бірнеше қазылар алқасының мүшесі анықтайды және жеңімпаздарға қаржылай сыйларды ұсынатын болады.

Аталған күнде Argonya, Metis’s сынды елімізге танымал және қаламыздың бірқатар өнер жұлдыздары ән шырқап көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі қызықты викториналық сұрақтар жасырылып, жеңімпаздарға ресторандар тарапынан тегін тамақтану үшін сертификаттар беріледі.
Мерекені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтарына 2200 шыны “Шымкент шайы” келушілерге тегін ұсынылады.

Өтетін күні: 21-22 наурыз,
Уақыты: 10:00-22:00.

Келіңіздер, Наурызды бірге тойлайық!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ:ТҰРАН АУДАНЫНДА 13 АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ ОРНАТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 48 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

smarttop

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАҒЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК

smarttop

Пікір қалдыру