26.3 C
Шымкент
Четверг, 27 августа, 2026
Smarttop.kz

ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҚАРАЖАТЫН ҚАБЫЛДАУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Пәтер сатып аларда, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Шымкент қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды ескертеді. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы мәлімет Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының сайтына https://www.gov.kz/ орналастырылғанын хабарлаймыз.

Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілген құрылыс компаниялары мен құрылыс нысандарының тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Ұқсас ақпараттар

«TEMIRQAZYQ-OI» газетінің жаңа басылымы жарық көрді

smarttop

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 324 ПӘТЕРГЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

smarttop

ҚЫЗЫЛСАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру