Smarttop.kz

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 71% ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

Былтыр Түркістан облысында егіс көлемі 845 мың гектарды құраса, биыл 3 мың гектарға артпақ. Нәтижесінде жалпы егістік 848 мың гектарға жететін болады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.
«Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында картоп 8,5 мың гектарға, пияз 2 мың гектарға және сәбіз 2 мың гектарға егілуде. Облыстағы жылыжайлардың жалпы көлемі 1 467 гектарды құрап, республикадағы жылыжай аумағының 71% иемденуде. Егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету үшін 52 шақырым каналды бетондау, 241 шақырым каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді»- деді Нұрбек Бақтыбайұлы.
Биылғы жылы мал азықтық қорды қамтамасыз ету толықтай бақылауда. Мыңға жуық агроқұрылымға 1 000 гектар жайылымдық жер және шөп оруға шабындық жерлерді беру жоспарлануда. Оған қоса «Азық түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ арқылы өңірге 34 мың тонна бидайды жеткізу көзделуде. Одан өндірілетін 9 мың тонна кебек агроқұрылымдарға арзандатылған бағада (65 теңге) сатылмақ.

Ұқсас ақпараттар

«ТҮРКІСТАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙІ ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ҮЗДІК 11 МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

smarttop

ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІЛЕДІ

smarttop

Түркиядан арзан бағада алтын әшекейлер әкеп беремін деп көршісін алдаған әйел ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру