Smarttop.kz

Түркістанда алаяқтық жолмен досының 10 миллион теңге тұратын автокөлігін сатып жіберген ер адам ұсталды

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өзінің досы сеніміне кіріп құны 10 миллион теңге тұратын БМВ автокөлігін уақытша пайдалана тұруға сұраған. Алайда 1 айға дейін автокөлігін қайтармай әр сылтауды бір айтып, алдап жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Сайрамдық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтау мақсатында ақпарат жинады. Нәтижесінде күдікті деп танылған жергілікті тұрғын өз мекенжайынан ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті азамат жәбірленушінің автокөлігін алаяқтық жолмен басқа адамға 12 миллион теңгеге сатып жіберген. Сондай-ақ автокөліктен түскен ақшаны өзінің қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп, тергеу амалдарын жүргізуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, көлік алып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ АУМАҒЫНДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТКЕЛІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

smarttop

ЖАҢАТАЛАПТА 10 КӨШЕГЕ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОБЛЫСТАҒЫ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫН АТАП ӨТІП, СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНЫҢ УШЫҒУЫНА ДАЙЫН БОЛУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІН АЙТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру