0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан қаласының оқушылары Полиция департаментінің бастығы генерал М.Қабденовпен бірге экскурсия жасады

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы аясында және ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бастамасымен «Мен және менің полицейім» акциясы бойынша Түркістан облысының полицейлері облыс орталығының оқушылары үшін қызықты экскурсия ұйымдастырды.

Оқушыларды облыстың бас полицейі — Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қарсы алып, полиция қызметі туралы айтып берді.
Бірінші кезекте балаларға жедел басқару орталығы көрсетілді, онда көшелердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Генерал-майор М.Қабденов оқушыларға полицейлер нақты уақыт режимінде көшелер мен жолдардағы жағдайды бейнекамералардың көмегімен қалай бақылап отырғанын, жедел міндеттерді шешу үшін полиция нарядтарын қалай басқаратынын және қылмыстарды «ізін суытпай» ашатынын айтты.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары оқушыларға бейнебақылау камераларын «басқару тетігі» арқылы басқару мен бейнекамералардың қаншалықты деңгейде ЖБО-ға қосылғанын, күнделікті оқушылардың өзі оқитын мектептерін полицейлер камера арқылы бақылап отыратын шынайы көрді. Тіпті таңданыстарын жасырмай, полиция генерал-майоры Мұрат Талапұлына полицияға қатысты сұрақтарын жаудырды.
Өз кезегінде облыстың бас полицейі полициядағы жұмысқа, құқық бұзушылықтардың қалай анықталатынына және қызметтің перспективаларына қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар оқушыларға полицей мамандығының қыр-сырын айтып, өз жұмысының қызықты жағдайларымен бөлісті.

«Балалар сендерге ата-аналарың мен мына еліміз үлкен үміт артып отыр. Себебі жасалып жатқан жағдайдың барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін. Сендер тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысаңдар келешекте нағыз майталман маман боласыңдар. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, қажетті білім алсаңдар, сендердің арман мақсаттарың да тез орындалады. Полицей болу үшін де бірінші кезекте өзіңді тәрбиелеуің керек. Жан-жағыңа, достарыңа үлгі-өнеге болып, әрқашан достыққа адал, ұқыпты да шыншыл болуларың қажет. Полиция сендердің тыныш ұйқыларың үшін күндіз-түні қызметте!», — деді полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов.
Бұдан әрі полиция қызметкерлері оқушыларға мобильді байланыс кешенінің жұмысын көрсетті, «рухани Астананың» көрікті жерлерін аралайтын тұрғындар мен туристерге жедел түрде байланысқа шығу үшін жасалған 102 пультіне қоңырау шалып, көмек шақыруға көмектесетін ең белсенді жерлерде орналасқан «SOS кнопкасын» көрді.

Батырма арқылы полицейлермен байланысқа шығып, ерекше әсер алды. Сондай-ақ оқушылар мобильді стационарлық полиция бекетіне және Түркістан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына барды. Себебі балалардың арасында арнайы есепке қойылған жоғары сынып оқушылары да бар. Ер балаларға УҰИ-да қылмыс жасаған азаматтардың отыратын орны көрсетіліп, полицейлердің түсіндірмелері тыңдалды.
Соңында оқушылар экскурсияның танымды болғанын және қиын әрі өте маңызды мамандыққа жаңаша қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жас буынға мықты денсаулық пен оқуда табыс тілеп, естелікке суретке түсті.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

smarttop

Полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру