20.3 C
Шымкент
Понедельник, 28 апреля, 2025
Smarttop.kz

Түркістан полицейлері «4 тонна қызанақ әкеліп беремін» деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, алыс танысы көкөніс алып-сатумен айналысатынын айтып, одан «арзан бағада 4 тонна қызанақ әкеліп беремін» деп, 750 000 теңге алған. Алайда ақшаны қалтасына басқан күдікті хабарсыз кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел іске кірісті.

Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын-соңды осындай алаяқтық жайтымен сотталған ер азамат болып шықты.

Атқарылған жұмыстар барысында анықталғандай, күдікті ескі әдетіне басып, өз арам ойын іске асыру үшін жергілікті тұрғынды жолықтырып, қызанақ әкеліп беремін деген жалған уәде беріп, ақшасын алып алады. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтармай жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бұл ретте әрине жәбірленуші өз ақшасын қайтарып алу мақсатында, полицияның көмегіне жүгінді. Бүгінде ұсталған орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ТРАНСФОРМАТОР ЖӘНЕ ГЕНЕРАТОР ШЫҒАРУ ЗАУЫТЫ САЛЫНУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН 2 МЛН ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

Мемлекет басшысы АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

smarttop

Пікір қалдыру