3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері көршісінің атынан онлайн несие рәсімдеген тұрғынды ұстады

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу заттай онлайн несие алып, 400 000 теңгеден астам шығын келтірген. Бір айдай уақыт өткен соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында сайрамдық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, оны аудан көшелерінің бірінде жүрген жерінен ұстады. Алаяқтық жасаған ер азамат жергілікті тұрғын және жәбірленушінің көршісі болып шықты.
Анықталғандай, жәбірленушіден қоңырау соғу үшін ұялы телефонын сұрап алған көршісі, оның банк қосымшасымен несие рәсімдеп, арам ойын жүзеге асырғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік кәртішкеңіз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУ БОЙЫНША 7 СЕКТОРҒА БӨЛІНГЕН ЖӘНЕ ОЛАРҒА 2 МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

smarttop

ЖАСАНДЫ ЖҮРЕК 36 ЖАСТАҒЫ АЗАМАТҚА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

smarttop

«МЕНІҢ ГҮЛДІ АУЛАМ» КОНКУРСЫ❗️❗️❗

smarttop

Пікір қалдыру