Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Ескерте кетсек, облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының жартысынан астамы жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан орын алған. Осы олқылықтың, жолда болатын апатты жағдайлардың алдын алу, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты асыру жайттарын автоматты түрде анықтайтын «Сергек» зияткерлік жүйелері орнатылып, 2022 жылдың 20 сәуірінен бастап іске қосылады: Атап айтсақ:
Түркістан-Шымкент тас жолыныңОрдабасы ауданы арқылы өтетін Қайнар елді мекені тұсында (жаяу жүргіншілер өткелі),
Түркістан-Шымкент тас жолының Ордабасы ауданы арқылы өтетін Шұбарсу елді мекені тұсында (жаяу жүргіншілер өткелі),
Шымкент – Ташкент автожолының Рабат елді мекенінің тұсындағы көпір маңында (жаяу жүргіншілер өткелі),
Жібек жолы –Жетісай автожының Келес ауданы Бесқұбыр елді мекені тұсында (жаяу жүргіншілер өткелі),
Шымкент – Алматы автожолының Сайрам ауданы Қарабұлақ елді мекені тұсындағы көпір маңында.
Бұл ақпарат жайлы Түркістан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Аталған бейнебақылау камералары жылдамдықты шектен тыс асырған көлікті дер кезінде анықтайды. Барлық «Сергек» жүйелерінің алдында ескерту белгілері орнатылған. Сондықтан жолда мұқият болып, жолда жүру ережесін сақтаңыздар, құрметті жүргізушілер!»-деп атап өтті. Ендігі кезекте, көлігіңіздің жарығы жағылмаса, қауіпсіздік белдігі тағылмаса, қандай да бір жол қозғалысы ережесі бұзылса, мұның барлығы бейнебақылау камераларының назарынан тыс қалмайды. Осыған байланысты облыс полицейлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар деп ескертеді.