16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді

Сайрам ауданы Көлкент ауыл округінде, аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Бауыржан Зиятаевтың қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – қылмыстың алдын алу және жолын кесу.

Шара барысында, полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев, аудан көлемінде орын алып жатқан қылмыстар, телефон алаяқтығы, мал ұрлығы, малды таңбалау, жол ережелерін сақтау мәселелерімен қоса, кәсіпкерлік нысандардың қауіпсіздігін күшейту қажеттілігіне тоқталды. Кәсіпкерлік нысандардың иелеріне құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде шара қабылдамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 479-бабымен әкімшілік жауапқа тартылатвндығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни, кәсіпкерлер қауіпсіздік үшін бейнебақылау камераларын, дабылқаққыш қондырғыларын, темір тор орнату, күзет қою секілді сақтық шараларын жасаулары қажет. Сонымен қатар малдарын еркін жайылымға бақташысыз жіберіп, «малшы-мал иесі-әкімдік» деген принцип бойынша үш жақты келісім шарт болуын да назарға алды. Малдарды қараусыз жіберіп, тас жолға шығып, жол қозғалысына қауіп төндіруді болдырмас үшін мал иелеріне заң жүзінде шара көрілетіндігін де ескерте кетті. Демек, тұрғындар мал жаю қағидаларын бұзса, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынатындығын хабарлады.

Сондай-ақ тұрғындар тәртіп сақшыларына көкейіндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Жергілікті жұртшылық полицейлердің атқарған жұмысына жақсы пікір білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.

Жиын соңында полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев аудан тұрғындарына: «Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтардың алдын алу барысында мұқият боласыздар деген үміттемін. Ауданымыздың көркеюі үшін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірдей ат салысайық!» — деді.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

№2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА СТЕНТ-ГРАФТ ЭНДОПРОТЕЗІН ОРНАТУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру