Smarttop.kz

Түлкібастық полицейлер ерекше балаларды қуантты

Түлкібас ауданының полицейлері «Халықаралық Отбасы күні» мерекесі қарсаңында, Т.Рысқұлов ауылында орналасқан «Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіне арнайы барды. Тәртіп сақшылары ондағы ерекше балаларға сыйлықтар апарып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде осы мекеменің бастығы Толқын Тұрсынқұлова мен ұжымы, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді. Бос уақыты бола бермейтін полицейлерге жұмыстарынан уақыт тауып, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін алғыстарын жеткізді. Жұмыстарына сәттілік тілеп, мерекелерімен құттықтады.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

smarttop

Түркістан облысында туристік полицияға қызметке қабылдау жүргізілуде

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ» САЛАСЫНЫҢ 5 БАСЫМ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру