5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚР ІІМ Марат Ахметжанов: қағазға емес, халыққа қызмет ету керек!

Бүгін Шымкент қаласында ауқымы кең іс-шара ұйымдастырылды. Яғни шырайлы Шымқалаға қызметтік іссапармен ҚР ІІМ Марат Ахметжанов арнайы келді. Жиынға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, прокуратура, әкімдік қызметкерлері, депутаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ Шымкентке жақын орналасқан Түркістан облысынан Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қатысты.

Еліміздің бас полицейі өз сөзін: «Жыл сайын еліміздің жолдарында 2 мыңнан астам адам қаза табады. Әрбір осындай оқиға – олардың туыстары мен достары үшін қайғылы жағдай болып табылады. Біз бейбіт уақытта адамдарды жоғалтпауымыз керек»-деп бастады. Сондай-ақ «Ал жылдық есептерде жол апаты азайды, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны, айыппұлды қағаз түрінде айтып есеп береміз. Ендігі кезекте тек есеп берумен шектелмей, жұмысты одан ары жандандырып, халық үшін үздіксіз қызмет етуіміз қажет. Еліміздің тұрғындарының жолдардағы қауіпсіздігі үшін күш пен қаражат жұмсағаннан, оның алдын алу тиімді болмақ. Осы мақсатта ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы аясында, ішкі істер саласын цифрландыруды мықтап қолға аламыз»-деді М.Ахметжанов:

Осылайша ішкі істер министрі, елімізде алғаш рет қолданысқа енген «Қорғау» деп аталатын бағдарламаны көпшілікке таныстырды. Бұл жоба 20 сәуірден бастап, Шымкент қаласында іске қосылды. Нақтырақ айтсақ, бұдан бұлай Шымқалада Сергек, Жедел басқару орталығы, Патрульдік полиция үшеуі бірлесе отырып, болуы мүмкін жол апаттарының, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алады. Яғни полицейдің қолындағы планшет кез келген көлік жайлы мәліметпен толығады. Ал айыппұлдарын миллиондап төлемей жүргендер, жалған мемлекеттік нөмір таққандар, ұрланған көлік басқарғандар көзден бір сәтке таса бола алмайды. Полицей қолжетімді ақпарат арқылы жол ережесін өрескел бұзушыны бірден анықтайды.

Өз кезегінде М. Ахметжанов осы бағыттағы жұмысты көршілес Түркістан облысы да қолға алуды тапсырды. Ең бастысы — Заң алдында барлығы тең деп атап өткен бас полицей, мемлекеттік органдардың басшылары жол жүрісі қағидаларын сақтау және әкімшілік айыппұлдарды өтеу бойынша қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізуге кеңес берді. 2022 жылды Балалар жылы қарсаңында жасөспірімдердің қауіпсіздігі де қатаң бақылауға алынғанын тілге тиек етті.

Ұқсас ақпараттар

ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАЙДЫ

smarttop

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА 300-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

smarttop

АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІН ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚҚА ПАРЫЗ

smarttop

Пікір қалдыру