Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ КӨТЕРМЕ БАЗАРЛАРДЫ АРАЛАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы «Барыс», «Жібек Жолы» және «Бірлік» сауда нысандарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Көтерме базарларды аралау барысында қала әкімі сауда нысандары басшыларына бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуді және санитарлық тазалықтың барлық талаптарын сақтаулары жөнінде ескертулер жасады.

📍«Барыс» базары — 2021 жылдың қаңтар айынан бері жұмыс жасап келеді. Жалпы инвестиция көлемі 987 млн. теңгені құрайды. Нысанның жалпы көлемі 6 гектар болса, бүгінде қосымша 9 гектарға кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Инвестиция көлемі 287 млн теңгені құрайтын болады. Базарда көтерме саудамен көкөніс, жеміс-жидектер ұсынылады. Қазіргі таңда 350 нүктеде сауда жасалса, базар заманауи 25 қоймамен толығуда.

📍«Жібек жолы» базары — 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 80 мың кв.м көлемді сауда нысаны. Негізгі бағыты — көтерме бағада көкөніс өнімдерін саудалау. Базарда 150-ге жуық кәсіпкер жұмыс жасайды.

📍«Бірлік» базары — 2021 жылы құрылысы аяқталып, жаңадан іске қосылған сауда нысандарының бірі. Базардың жалпы инвестиция көлемі — 1,5 млрд тенгені құрайды.

Ұқсас ақпараттар

Сайрамдық сақшылар жүк тасымалдау және жол қозғалысы ережесін сақтау мақсатында рейд жүргізуде

smarttop

ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

smarttop

ЖАҢАТАЛАП ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

smarttop

Пікір қалдыру