16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шымкент қаласында өткен жылы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Қала әкімі М.Әйтенов бүгін Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуде биыл да бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.

2022 жылы қала көшелерін жарықтандыру көрсеткішін 57 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Яғни, 102 көше, 2023 жылы 106 көшеге жарықшамдар орнатылады.

Еңбекші ауданының II сектор аумағында биыл 14 көшені жарықтандыру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Жалын (Дачная), Жұлдыз (Дегерес, Асубұлақ) елді мекенінде көшелерге жарықшамдар қойылды.
Жыл соңына дейін Қаратөбе (Қапал батыр, Амур аға), Бадам-2 (Құрманғазы, Бердалиев, Жұлдыз, Қаражал), Қарабастау елді мекендері (Қайып ата), Оңтүстік (Саяжол), Жас дәурен (Құрбан ата), 11 шағынаудан көшелері (Ішкі орам), Қойгелді батыр көшелері жарықтандырылады.

Еңбекші ауданында жалпы 92 көше (166,6 шақырым) жарықтандырылған. 2022 жылы 34 көше (51,1 шақырым), 2023 жылы 37, 2024 жылы 40, 2025 жылы 45 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы биыл жарықтандыру көрсеткішін 31,0 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 9 ЖАРЫМ МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

Полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

smarttop

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ ТӨРТ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру