3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖУРНАЛИСТЕР СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін қолына қалам ұстаған журналистер мамандығын ауыстырып, ауыр жағдайдағы науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, өмірін ажалдан арашалап қалды.
Алғашқы медициналық көмек көрсету Шымкентте жуырда ашылған симуляциялық орталықта жүзеге асырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысының БАҚ өкілдері қатысты.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлының айтуынша, мұнда түрлі жағдайға арналған 100 муляж қарастырылған. Ересектерден бастап балаларға дейін, түрлі жарақаттан бастап шұғыл бала босануға дейінгі жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістері үйретіледі. Орталық мамандары шетелдерде білімін жетілдіріп, біліктілік арттырып келген маман иелері.
Оталық мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша дәріс жүргізді. Дәріспен қатар білікті тренерлер базалық жүрек-өкпе реанимациясын заманауи құрылғылардың көмегімен тәжірибе жүзінде көрсетіп, Бұқаралық ақпарат құралдары мамандарына үйретті.
–Орталық мамандары базалық жүрек-өкпе реанимациясын әрбір адам білуі тиіс дейді. Ол көшеде адамдардың есінен танып құлап қалуы, жүректің қысылуы не болмаса балалардың ұсақ-түйек заттарды жұтып қоюы кезінде алғашқы медициналық көмек беруді біліп жүруі керек екен. Мамандар тәжірибе жүзінде көрсетіп, біраз қажетті мәлімет алдық. Дегенмен, алғашқы медициналық көмек беру оңай жұмыс емес екен. Дәрігерлердің еңбегіне бас иемін, — деді «Әділет» қоғамдық газетінің тілшісі Роза Бекетаева.
Айта кетейік, симуляциялық орталықтың әзірге Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Қазіргі таңда орталықта медицина қызметкерлері біліктіліктерін арттыруда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫНДА 300 ОҚУШЫ БІЛІМ АЛАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

smarttop

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

smarttop

Пікір қалдыру