4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

«Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы Сарыағашта

Балалар жылы аясында Республика көлемінде «Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасын табуда. Бұл акция аясында Түркістан облысының тәртіп сақшылары бірқатар ауқымды іс-шараларды атқаруда.

Мәселен, Сарыағаш ауданының ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен №27 Шәкәрім, №6 Аймауытов атындағы жалпы орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруға байланысты дағдыларды нығайту, жолда жүру қағидаларын сақтау. Кездесу барысында полицейлер оқушыларға «Балалардың жол қауіпсіздігі» тақырыбында дәрістер, әңгімелер, сондай-ақ қоғамдық орындардағы, жолдардағы жол қозғалысы ережелерін таныстыру жұмыстарын жүргізді. Ал бастауыш сынып оқушыларын сурет, бейнеролик арқылы бағдаршаммен таныстырды. Жиынға қатысқандар тәртіп сақшыларына сұрақтарын қойып, керекті мағлұмат алды. Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін таныстара отырып, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге болмайтындықтарын түсіндіре кетті. Тәртіп сақшылары балалармен бірге жолдан өтіп, оларға жаяу жүргінші жолағының адам өмірін сақтайтындығын айтып ұғындырды. Және жолда жүру кезінде басқа дүниелерге назар аудармауды ескертті.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 3 ОРЫНҒА СУҒА ШОМЫЛУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН

smarttop

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

ҚАЛАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫНДА ЕЛ БІРЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

smarttop

Пікір қалдыру