Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Шымкентте бес баланың анасы үшемді дүниеге әкелді. Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды.

Айсултан, Алия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-ші аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Сәбилердің салмақтары 2000-2470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.

Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.

Айта өтсек, жыл басынан бері қалада 10649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5165 қыз болса, 5484 ұл бала.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ МЕДИЦИНАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ 1,7 ЕСЕГЕ АРТҚАН

smarttop

Д. Кыдырали: Казахский язык должен быть языком единства

smarttop

ЫНТЫМАҚ ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ КӨШЕЛЕРІН АСФАЛЬТТАУ БИЫЛ 79 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру