21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

СЕНАТОР Н.Қ.БЕКНАЗАРОВ Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Сенатор Н.Бекназаров Шымкент қаласындағы Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде болып, оқу орнының техникалық бағытта мамандар дайындау бойынша жұмыстарымен танысып, білім беру саласындағы атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, елімізде техникалық мамандар дайындауға басымдық беріліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша алдағы өтетін республикалық референдумның маңыздылығын профессорлық-оқытушылық құраммен талқылап, ол өзгерістердің еліміздің ертеңгі жарқын болашағына тиер септігі мол екенін айтылды.
Аталған талқылауға қатысқан оқу орынның ұжымы еліміздің басты құжаты конституцияға енгізілетін өзгерістерді бірауыздан қолдайтынын жеткізіп, ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумға белсене қатысатынын мәлімдеді.
«Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің табысты болашағын құруға шынайы атсалысуға мүмкіндік алады. Бұл ұсынылып отырған реформалардың маңыздылығын ескере отырып, ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат референдумға қатысып, жаңа Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін қосады деп есептеймін», — деді Сенатор.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ОРАЙ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ 5-ШІ СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру