-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында мас халде көлік тізгіндеген 304 жүргізуші ұсталды

Мас күйінде көлік айдағандар – қылмыскерлер. Бүгінде елімізде ішімдік ішіп көлікті тізгіндеу салдарынан жол апаты орын алуда. Нәтижесінде жазықсыз жандар жарақаттанып, қайтыс болуда. Осыған сәйкес, елімізде мас жүргізушілерге қолданылатын заң күшейтілген. Ал тәртіп сақшылары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жасап қана қоймай, заңға бағынбағандарға шара қолдану үстінде.
Мысалы Түркістан облысының полицейлері жыл басында спирттік өнім тұтынған 304 көлік иесін ұстады. Оның барлығы көлік жүргізу куәлігінен айырылып, әкімшілік қамауға алынған. Аталған мәселеге орай, яғни мас жүргізушілердің қатысуымен 11 жол көлік оқиғасы орын алып, 5 адам қайтыс болған. Сондай-ақ 25 адам дене жарақатын алған.
Ішімдіктің әсерімен көлік айдау өмірмен қош айтысуға әкеп соғады. Дәл осылай ережеге бағынбау, жауапкершіліктің жоқтығы қоғамға дерт туындатады. Оған ұрынбау, өз қолымызда. Жан тыныштығы үшін заңға бағыныңыз. Көлік жүргізушісі ережені ескеріңіз, жол бағытынан таймаңыз. Діттеген жерге жету үшін біліктілігіңізді көрсетіңіз. Көлік тізгіндегенде ішімдік тұтынудан аулақ болыңыз. Ең бастысы адам өмірі құнды екенін естен шығармаңыз!

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ӨНІМДЕР ШЫҒАРЫП ЖАТЫР

smarttop

ЕСКІ АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

smarttop

Полицейлер үйіне есірткі сақтаған ер адамды ұстады

smarttop

Пікір қалдыру