5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер көршісінің сиырын сойып, етін сатып жіберген күдіктіні ұстады

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның мал жайылымына өріске қосып жіберген сиыры үйіне келмеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер мал ұрлығын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Тексеру барысында күдікті жас жігітке ақша керек болып, көршісінің сиырын жайылымнан жымқырып кеткен. Содан өзінің тұрғын үйінің қорасында сиырды сойып, етін Түркістан қаласының базарына апарып, 150 000 теңгеге сатып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондай-ақ мал ұстайтын аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайды болдырмас үшін малдарды құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗДИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ

smarttop

Инклюзивті экономика және әлеуметтік саясат. Жолдауда айтылған тұстар бойынша өзгерістер бар ма?

smarttop

ПРЕЗИДЕНТТІК ШЫРША:«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!»

smarttop

Пікір қалдыру