16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында құнды әшекейлерді ұрлап, ломбардқа өткізген күдікті ұсталды

Қазығұрт ауылдық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ұрлыққа тап болғанын баяндады. Мәселе барысы күдіктінің жәбірленушінің тұрғын үйіне терезесі арқылы кіруінен бастау алған. Осылайша, ұры үй иесінің құнды әшекей бұйымдарын, қаражатын жымқырған. Жалпы жәбірленушіге 180 000 теңге шығын келген.
Барлық ақпаратпен қаныққан полицейлер дереу іске көшті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнын тергеп-тексерді, куәгерлерден сұрастырды. Алайда, қылмыскерді табу оңай іс емес.
Десек те, полицейлер күдіктіні іздеу жұмыстарын тоқтатпады. Нәтижесінде қылмыскер араға 2 жыл салып ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, күдікті қолды қылған заттарды ломбардқа өткізіп жіберген. Қазіргі таңда, қылмыскер қамауға алынды.
Біреудің мал мүлкін рұқсатсыз алып, жөн-жосықсыз қолды етіп пайдалану заңға қайшы әрекет. Қылмыстың өтеуі жаза екендігі қаперден шықпауы тиіс. Зиянды әрекет өзге түгіл, өз басыңа нұқсан келтіріп, құлдыратады. Сондықтан ар-ожданды бәрінен биік қою құба-құп.
Тыныштық жайлаған заманда мұндай оқиғалардың орын алмауына күш біріктірілу қажет. Негізгі күш тәртіп сақшыларының қызмет бабында жүзеге асырылып жатыр. Себебі, қылмыстың алдын алу, күдіктіні анықтау олардың міндеті және күні тәртібінен түскен емес.

Ұқсас ақпараттар

Психолог мамандар Түркістан облысының полицейлері үшін тренинг өткізді

smarttop

№47 МЕКТЕП — ГИМНАЗИЯСЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР — СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІП БЕРЕ АЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру